Әлем чемпионатының сенсациясы: Германия Оңтүстік Кореядан ұтылып, топтық кезеңнен шыға алмады

© REUTERS/Dylan Martinez

2014 жылы Бразилияда ?ткен ?лем чемпионатында топ жар?ан Германия ??рамасы топты? кезе?ні? со??ы ойынында О?т?стік Корея ??рамасынан ?тылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатында топ жарған Германия құрамасы топтық кезеңнің соңғы ойынында Оңтүстік Корея құрамасынан ұтылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазанда өткен кездесуде 2:0 есебімен ұтылған германиялық команда топтық кезеңнен өте алмады. Алғашқы ойында Мексика құрамасынан ұтылған құрама екінші кездесуінде Швециядан басым түскен. Алайда шешуші ойында Йоахим Лев шәкірттерінің жолы болмады.

Реклама
Реклама

Оңтүстік Корея құрамасы екі голды да соңғы минуттарда (Ким Ен Гвон мен Сон Хын Мин) салды. 

Алайда F тобындағы екі жолдаманы Швеция мен Мексика иеленді. Шведтер топтағы соңғы ойында мексикалықтарды 3:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Бұл ойында Аугистиннсон мен Гранквист гол салды. Сондай-ақ, бір голды Альварес өз қақпасына байқаусызда салған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама