ПОДЕЛИТЬСЯ
03 сәуір 2019 | 16:28
Әлемдегі үздік футболшы қыздың жалақысы Месси айлығынан 325 есе аз болып шықты
Футболдан Норвегия құрамасының және француздық "Лион" клубының шабуылшысы Ада Хегерберг аргентиналық сұрмерген Лионель Мессиден 325 есе аз жалақы алады екен, - деп хабарлайды France Football.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Футболдан Норвегия құрамасының және француздық "Лион" клубының шабуылшысы Ада Хегерберг аргентиналық сұрмерген Лионель Мессиден 325 есе аз жалақы алады екен, - деп хабарлайды France Football.
Басылым мәліметінше, Хегербергтің жылдық табысы 400 мың еуро болса, Месси 130 миллион еуро табады. Сонымен қатар, олар әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы қыз және ғаламшар футболшысы ретінде тіркелген.
Үздік бестікке Мессиден бөлек туриндік "Ювентус" сұрмергені Криштиану Роналду (113 миллион еуро), ПСЖ шабуылшысы Неймар (91,5 миллион еуро), "Атлетико" сапындағы Антуан Гризманн (44 миллион еуро) және "Реалдағы" Гарет Бэйл (40,2 миллион еуро) кірген.
Хегербергтен кейінгі ең жоғары ақы төленетін футболшылар қатарында оның командаластары Амандина Хенри (360 мың еуро) және Венди Ренар (348 мың еуро), сондай-ақ "Скай Блу" (345 мың еуро) және "Орландо" (340 мың еуро) үшін өнер көрсететін Карли Ллойд болып табылады.
2018 жылы желтоқсанда Хегерберг әлемдегі ең үздік футболшы болып танылып, әйелдер арасында тұңғыш рет "Алтын допты" иеленді. 2017/2018 маусымында норвегиялық футболшы қыз "Лион" сапында Франция чемпионы атанып, Чемпиондар лигасын жеңді.
Показать комментарии
Читайте также