25 шілде 2020 | 17:15

Әлемнің ең қымбат футболшысы ауыр жарақат алып қалды

Сурет: russian.rt.com

2019-2020 жылғы маусымдағы Франция кубогының финалында ПСЖ мен "Сент-Этьен" командалары арасындағы кездесуде Франция құрамасы мен әлемнің ең қымбат футболшысы Килиан Мбаппе ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2019-2020 жылғы маусымдағы Франция кубогының финалында ПСЖ мен "Сент-Этьен" командалары арасындағы кездесуде Франция құрамасы мен әлемнің ең қымбат футболшысы Килиан Мбаппе ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойынның 26 минутында "Сент-Этьен" командасының капитаны Лоик Перрин Мбаппеге қарсы ойын ережесін бұзды. Сөйтіп 21 жастағы Килиан ауыр жарақат алды. Ал Перрин болса алаңнан қуылды. Мбаппе кездесуді ары қарай жалғастыра алмай, алаңнан кетті. 

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vesti.kz - Живи спортом ?? (@vestikzsport) 24 Июл 2020 в 10:26 PDT

Айта кетейік, бұл кездесуде "Пари Сен-Жермен" командасы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, 13 рет Франция кубогын төбелеріне көтерді. Кездесудегі жалғыз голды 14 минутта Неймар соқты. 

Мбаппенің жарақаты клуб басшыларының мазасын кетірді. Себебі, ПСЖ тамыздың басында Чемпиондар лигасында "Аталанта" командасымен кездесуі керек. 

Франция құрамасының намысын қорғайтын шабуылшы әлемнің ең қымбат футболшысы. KPMG Football Benchmark мәліметі бойынша, оның трансферлік құны 225 миллион еуро екен. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная