#АЛҒАҚАЗАҚСТАН. Желіде футболдан Қазақстан құрамасын қолдау флешмобы басталды

#АЛҒАҚАЗАҚСТАН. Желіде футболдан Қазақстан құрамасын қолдау флешмобы басталды © tengrinews.kz

Қазнетте футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын қолдау флешмобы басталды. Қазақ футболшылары бүгін Ұлттар лигасы турнирі аясында Грузия құрамасымен кездеседі. "Астана Аренада" өтетін ойын жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталады. Қазақстан - Грузия кездесуін QazSport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Қазақстан құрамасы D дивизионына түсті, онда еліміздің ойыншыларына қарсы Грузия, Латвия және Андорра футболшылары өнер көрсетеді. Ұлттар лигасының 6 қыркүйектен 20 қараша аралығында өтеді. Турнир тарихындағы бірінші ойын Астанада өтеді.
 
Қазақстан құрамасын қолдау флешмобына қатысушылар әлеуметтік желідегі парақшаларына #МЫВМЕСТЕ #АЛҒАҚАЗАҚСТАН #БІЗБІРГЕМІЗ хэштегтерімен фото мен видеоларын жүктеуде. Бұл қолдау шарасына Massaget.kz, Tengrinews.kz және Vesti.kz сайттарының редакциялары қосылды.
Реклама
Реклама
 
Ұлттық құраманы қолдау шарасына бірге қатысайық! Сурет пен видеоларыңызды #АЛҒАҚАЗАҚСТАН #БІЗБІРГЕМІЗ #МЫВМЕСТЕ xэштегтерімен жариялап, жүктесеңіздер болғаны.

Флешмобқа Жұлдыз FM радиосы да қатысты. Ұлттық құрамаға Ұлттар лигасында жеңіс тіледі.

"Бүгін біздің команда Ұлттар лигасында алғашқы ойынға қатысады. #АЛҒАҚАЗАҚСТАН" - деп жазды "Қазақстан" телерадиокорпорациясының төрағасы Ерлан Қарин..

Қолдау флешмобын QazSport телеарнасының директоры Павел Цыбулин де қолдады.

 

 Magnum Cash & Carry сауда желісі Instagram желісінде бауырсақ жеп тұрған үш жанкүйердің суретін салып, өз қолдауларын білдірді. 

 

  

 

 

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама