19 шілде 2023 | 15:01

Алматы облысында 26 жастағы бұрынғы футболшы жол апатынан қаза тапты

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Фото: instagram.com/batyrbekov.a.a

"Жетісу" мен "Бәйтеректің" бұрынғы қорғаушысы 26 жастағы Әлібек Батырбеков жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Жетісу" мен "Бәйтеректің" бұрынғы қорғаушысы 26 жастағы Әлібек Батырбеков жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 18 шілдеде кешке Алматы-Талдықорған тасжолында Қонаев маңында болған.

Toyota Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлігі жол жиегіндегі қоршауға соғылған, темір көлікті тесіп өткен.

Реклама
Реклама

"26 жастағы жүргізуші сағат 18:20 шамасында тасжолдың 109-шақырымында рөлді тізгіндей алмай, қоршауға соқтығысты. Жол апаты салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан жансақтау бөлімінде қаза болды. Екі жолаушы зардап шегіп, Қонаев ауруханасына жатқызылды", - деді жергілікті ПД өкілі.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі экс-футболшы Батырбековтың қаза болғанын растап, әлеуметтік желіде спортшының отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жазба жариялады.

"Кеше Жетісу облысының үздік футболшысы, балалар мен жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы Әлібек Батырбеков қайғылы оқиғадан қаза болды. Отбасына қайғырып көңіл айтамыз", - деп жазылған Instagram-парақшада.

Батырбеков кейінгі жылдары Талдықорғанда балалар жаттықтырушысы болып жұмыс істеген. 2012 жылы ол Алматы облысынан Бразилиядағы "Оле Бразил" бағдарламасын аяқтаған төрт жігіттің бірі еді.

Редакция футболшының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная