Алматылық "Қайрат" тағы бір шетел ойыншысымен толықты

Футзалдан Иран ??рамасыны? шабуылшысы Хоссейн Тайеби алматылы? "?айрат" командасына ауысты, - деп хабарлайды Vesti.kz ?аза?станды? клубты? ресми сайтына сілтеме жасап.

Футзалдан Иран құрамасының шабуылшысы Хоссейн Тайеби алматылық "Қайрат" командасына ауысты, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақстандық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, келісімшарт "1+1" сызбасы бойынша жасалған. Тайеби медициналық тексерістерден өтті, жуырда алматылық команданың құрамында жаттығу жұмыстарын бастайтын болады.

"Мен "Қайрат" командасымен келісімшарт жасасқаныма қуаныштымын. Себебі, "Қайрат" командасы - әлемдегі үздік команда. Ол тек жоғары нәтижелерді көрсету үшін күреседі. Мен осы команданың мүшесі болғаныма қуанамын!", - деді Хоссейн Тайеби баспасөз клубына берген сұхбатында.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Колумбияда қыркүйек-қазан айында футзалдан өткен әлем чемпионатында Иран құрамасы Португалияны басып озып, 3-орында иеленген болатын. Иран құрамасында ойнаған Тайеби 75 матч өткізіп, 66 гол салған екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама