Алматылық "Қайраттың" үздік сұрмергені 3,5 миллион еуроға сатылуы мүмкін

Сурет "Қайрат" футбол клубынан

Киевтік "Динамо" қазіргі уақытта алматылық "Қайрат" сапында өнер көрсетіп жүрген шабуылдаушы Адеринсола Эсеоланы қайтарып алу туралы ойланып отыр екен, - деп хабарлайды Sportanalytic.com.

Киевтік "Динамо" қазіргі уақытта алматылық "Қайрат" сапында өнер көрсетіп жүрген шабуылдаушы Адеринсола Эсеоланы қайтарып алу туралы ойланып отыр екен, - деп хабарлайды Sportanalytic.com.

28 жастағы сұрмерген 2009/10-маусымында "Динамо" сапында болған, алайда ол киевтік клубтың негізгі құрамында бірде-бір ойын өткізбеген. Қазіргі уақытта Эсеоланың трансфері 3,5 миллион еуроға бағаланған. 

Өткен маусымда Эсеола ҚПЛ-2019 ең үздік сұрмергені атанды, ол осы атақты "Астана" жартылайқорғаушысы Марин Томасовпен бөлісті. "Қайрат" шабуылшысы 27 ойында 19 гол салды. 

Реклама
Реклама

Маусым аяқталысымен "Қайрат" Эсеоламен келісімшарт 2021 жылдың соңына дейін созылатынын айтты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама