Англия ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Англия ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Футболдан Англия ?лтты? ??рамасы ?лем чемпионатыны? жартылай финалына шы?ты, деп хабарлады Vesti.kz. Олар ширек финалда Швеция ??рамасын 2:0 есебімен ай?ын ?тты.

Футболдан Англия ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлады Vesti.kz. Олар ширек финалда Швеция құрамасын 2:0 есебімен айқын ұтты.

Ағылшындар сапынан ойындағы алғашқы голды 30-минутта Харри Макгуайр соқты. Ол Эшли Янгтың бұрыштамадан асырған добына бірінші жетіп, баспен қақпаға тура бағыттады. Бұл допты қақпашы Ольсен қайтарып үлгермеді. 

Реклама
Реклама

Ойындағы екінші голды 59-минутта Делле Алли соқты. Джесси Лингардтың тамаша пасын голға айналдыра білді. Бұл тұста да қақпашы Ольсен Аллидің баспен бағыттаған добын қайтаруға қауқарсыз болды. 

Жартылай финалда Англия құрамасы Ресей және Хорватия құрамаларының жеңгенімен кездеседі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама