Англиядағы матч кезінде футболшының аяғы екі жерден сынды - Видео

© thesun.ie

"Вест Бромвич" шабуылшысы Саломон Рондон а?ылшын премьер-лигасыны? 24-турында?ы матч кезінде "Эвертон" ?ор?аушысы Джеймс Маккартиді? ая?ынан теуіп, екі жерден сындырды, - деп хабарлады РИА Новости

"Вест Бромвич" шабуылшысы Саломон Рондон ағылшын премьер-лигасының 24-турындағы матч кезінде "Эвертон" қорғаушысы Джеймс Маккартидің аяғынан теуіп, екі жерден сындырды, - деп хабарлады РИА Новости

Оқиға Ливерпульде матчтың екінші таймында болды, бұл ойын 1:1 есебімен аяқталды. Рондон қарсыластарының қақпасына доп салуға ұмтылғанда, Маккарти қауіпті әдіспен допты іліп әкетпекші болды. Ақыры Рондон допты тебемін деп, қарсы команданың ойыншысының аяғынан тепті.

Айта кетейік, жарақаттың ауыр екенін түсінгенде Рондон төрешіні бірінші болып шақырып, көмек көрсету үшін матчты тоқтатуды сұрады. Сонымен қатар, абдырап қалған ол, көз жасын да жасыра алмады.

Реклама
Реклама

Матчтан кейін Маккартидің асықты жілігі мен асық жілігінің шыбығы сынғаны анықталды.

"Мен қатты қайғырып тұрмын. Әріптесің мұндай жарақаттан қиналғанда барлық бәсекелестік бірден ұмыт қалады. Джеймс, қатарымызға оралғаныңды тезірек көремін деп қатты үміттенемін", - деді Рондон.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама