ПОДЕЛИТЬСЯ
08 шілде 2021 | 09:07
Англия ел тарихында алғаш рет футболдан Еуропа чемпионатының финалына шықты
Еуропа чемпионатының жартылай финалындағы матчінде Англия құрамасы Данияны жеңді. Лондондағы "Уэмбли" стадионында өткен ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еуропа чемпионатының жартылай финалындағы матчінде Англия құрамасы Данияны жеңді. Лондондағы "Уэмбли" стадионында өткен ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бірінші голды даниялықтар соқты. 30-минутта Дания құрамасының 21 жастағы жартылай қорғаушысы Миккель Дамсгор айып алаңынан қақпаны дәл көздеді. Бұл гол Англия құрамасының осы турнирде жіберіп алған алғашқы голы болды.
Ағылшындар тоғыз минуттан кейін жеңіске жетті. Допты өз қақпасына Дания құрамасының қорғаушысы Саймон Кьер жіберіп алды. Негізгі уақытта командалар көп гол соққан жоқ.
Бірінші қосымша уақытта ағылшындар жеңіс голын соқты. Матч тағдырын Рахим Стерлинг құлағаннан кейін тағайындалған пенальти шешті. Дания қақпашысы Каспер Питер Шмейхель алдымен Гарри Кейннің соққысын қайтарды, бірақ қайтара шабуылда ағылшын шабуылшысы ақыры гол соқты.
Осылайша, Англия құрамасы Еуро-2020 екінші финалисі атанды. Финалда ағылшындар Италия құрамасының футболшыларымен кездеседі. Матч 11 шілдеде "Уэмблиде" өтеді. Англия құрамасы тарихта алғаш рет футболдан Еуропа чемпионатының финалына шықты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также