"Ақтөбе" футбол клубының директоры ұсталды

"А?т?бе" футбол клубыны? директоры ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

"Ақтөбе" футбол клубының директоры ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Ақтөбе" облыстық футбол клубы" АҚ басшысының бюджет қаражатын жымқырған деректерін анықтады.

"Тергеуден АҚ-ның бас директоры Васильевтің сыйақыларды заңсыз төлеу жолымен бюджеттен 300 миллион теңге сомасында қаражат жымқырғаны анықталды. Васильев сыйақыны жеке өзі шешкен", - деп хабарлады Антикоррупциялық қызметтің өкілдері.

Реклама
Реклама

"Оның ішінде футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі аяқталғанша үздік алтылыққа енуге "Ақтөбе" ФК футболшылары мен бапкерлеріне 69 миллион теңге көлемінде заңсыз сыйақы беру дерегі анықталды. Көрсетілген соманың 15 миллион теңгесін Васильев өзі алған", - делінген Ұлттық бюроның хабарламасында.

8 қарашада Антикоррупциялық қызмет Васильевті ҚР Қылмыстық процесстік-кодексінің 128-бабының негізінде қстап, Ақтөбе облысы бойынша ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама