"Ақтөбе" клубын Игорь Рахаев жаттықтыратын болды

© vk.com

"А?т?бе" футбол клубына жа?а бас жатты?тырушы келді. Команданы украиналы? маман Игорь Рахаев жатты?тырады, - деп хабарлайды Мassaget.kz клуб баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

"Ақтөбе" футбол клубына жаңа бас жаттықтырушы келді. Команданы украиналық маман Игорь Рахаев жаттықтырады, - деп хабарлайды Мassaget.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

43 жастағы жаттықтырушы спорттық мансабында жартылай қорғаушы болған. Ал жаттықтырушылық қызметте 2014-2015 жылдары Украинаның "Металлист" командасында қызмет атқарған. 2016 жылдың қаңтар айында "Заря" клубының (Молдова) тізгінін ұстаған. Кейіннен бұл командамен де келісімшарты ұзаққа созылмаған.

Бейресми деректер бойынша, Игорь Рахаев "Ақтөбеде" айына 3,5 миллион теңге көлемінде жалақы алатын көрінеді.

Реклама
Реклама

Осыған дейін ақтөбелік ұжымды Петр Бадлоның жаттықтыруы мүмкін екені айтылған еді. Ал команданы жаттықтырып келген ресейлік маман Юрий Уткульбаев маусым соңынан қызметінен кеткен-ді.

Айта кетейік, "Ақтөбе" футбол клубының директоры Дмитрий Васильев ұсталған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Ақтөбе" облыстық футбол клубы" АҚ басшысының бюджет қаражатын жымқырған деректерін анықтады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама