Аргентина құрамасының бас бапкері орнынан кетті

© Univision

Аргентина ??рамасыны? бас бапкері Эдгардо Бауса орнынан кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты "Р-Спорт" порталына сілтеме жасап.

Аргентина құрамасының бас бапкері Эдгардо Бауса орнынан кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты "Р-Спорт" порталына сілтеме жасап.

Баусаның отставкаға кететіні жайлы ресми түрде тек келесі аптада жарияланады. Оның құрамадан кетуіне соңғы кездері команданың сәтсіз өнер көрсетуі себеп болған.

Баусаның басшылығымен құрама сегіз ойын өткізген (үш рет жеңіске жетті, екі рет тең ойнады, үш рет жеңіліс тапты). 2018 жылы өтетін әлем чемпионатында іріктеу кезеңінде Аргентина өз тобында тек бесінші орынға табан тіреген. 14 ойын өткізген Аргентина құрамасы небәрі 22 ұпай жинаған. Соңғы ойында аргентиналықтар Боливия командасынан 0:2 есебімен жеңілді. 

Реклама
Реклама

"Ендігіде Бауса Аргентина құрамасының бас бапкері емес", - деді Аргентина футбол ассоциациясының президенті Клаудио Тапиа.

59 жастағы Бауса Аргентина құрамасының бас бапкері болып 2016 жылы 1 тамызда тағайындалды. Оның орнына қазіргі уақытта "Севилья" командасын жаттықтырып жүрген Хорхе Сампаоли келуі мүмкін.

Іріктеу кезеңінде Аргентина құрамасы келесі ойында Уругвай футболшыларымен 31 тамызда кездеседі. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама