Аршавин 2018 жылғы әлем чемпионатында Ресей құрамасына алынуы мүмкін

Ресейлік телекомментатор Геннадий Орлов "?айрат" клубыны? жартылай ?ор?аушысы Андрей Аршавин 2018 жыл?ы ?лем чемпионатында Ресей ??рамасына алынуы м?мкін ж?не "Зенитке" ?айтып оралуы м?мкін, - деп жазды "Спорт-Экспресс".

Ресейлік телекомментатор Геннадий Орлов "Қайрат" клубының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин 2018 жылғы әлем чемпионатында Ресей құрамасына алынуы мүмкін және "Зенитке" қайтып оралуы мүмкін, - деп жазды "Спорт-Экспресс".

"Аршавинге қатысты айтар болсақ, ол туралы осыдан бір жарым, екі жыл бұрын Станислав Черчесовтан (Ресей құрамасының бас бапкері) сұраған болатынмын. Ол былай деді: "Егер 2018 жылы Аршавинге тең келер ойыншы болмаса, мен оны құрамаға аламын". Зенит туралы не айта аламыз... Ол қайтып келсе мен қуанар едім. Бұл жерде Аршавиннің өзіне байланысты, ол өзі қайтқысы келер ме екен. Бәлкім ол шаршаңқырап қалған болар. "Қайрат" сапында ол жақсы ойнап жүр. Бірақ физикалық көрсеткішті салыстыруға келмейді, "Қайрат" пен "Зенит" - футболдың екі түрлі деңгейі", - деді Орлов. 

Айта кетейік, 36 жастағы Аршавин 2016 жылдан бастап алматылық "Қайрта" үшін өнер көрсетіп келеді. Осыған дейін, "Зенит" клубының спорт директоры Аршавинмен оның қайтып оралуы туралы телефон арқылы сөйлескенін хабарлады. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама