Аршавинның голы Қазақстан Кубогы матчындағы ең ғажайып деп танылды

© YouTube

Eurosport порталы алматылы? "?айрат" командасы ?шін ?нер к?рсететін Андрей Аршавинны? кезекті голын е? ?здік гол деп атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Eurosport порталы алматылық "Қайрат" командасы үшін өнер көрсететін Андрей Аршавинның кезекті голын ең үздік гол деп атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жолы алматылық клубтың ойыншысы Қазақстан Кубогы матчында "Атырау" командасымен кездескен болатын. "Ойынның екінші минутында Гафуржан Суюмбаев өз командасын алға шығарды, ал екінші кезеңнің ортасында Ресейдің бұрынғы капитаны Андрей Аршавин кезекті ғажайып голын соқты", - деп жазады басылым. 

Реклама
Реклама

 Қазақстан Кубогы үшін 1/2 финалдағы қарымта ойынның есебі "Қайрат" командасының пайдасына шешілді. Есеп 3:0. Бірінші ойында да алматылық клуб 1:0 есебімен жеңген болатын. 

Еске салайық, Аршавин қыркүйек айының соңында "Ақтөбе" командасына үздік гол салған болатын. Легионер осы кездесуде 35-ші минутта жалғыз голмен матчтың тағдырын шешкен болатын.

 Шілде айында Аршавин "Тараз" қақпасына қайталанбас гол салған болатын. Осы сәттің видеосы үш күнде миллионнан аса қаралған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама