"Арсеналдың" бас бапкері коронавирус жұқтырды

Фото: © REUTERS

Лондондық "Арсеналдың" бас бапкері, 37 жастағы испаниялық Микель Артета коронавирус жұқтырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лондондық "Арсеналдың" бас бапкері, 37 жастағы испаниялық Микель Артета коронавирус жұқтырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Клуб ойыншылары мен бапкерлік штаб карантинге жатқызылды. "Арсенал" Англия чемпионатының бірнеше матчына қатыспайды.  

"Бұл көңілімді қаймықтырады. Өзімді нашар сезінген соң тест тапсырғанмын. Маған рұқсат берген кезде жұмысқа ораламын", - деп келтірді Артетаның сөзін баспасөз қызметі.  

Реклама
Реклама

Бас бапкермен жақын байланыспаған ойыншылар мен қызметкерлер жақын арада жұмысқа оралуы мүмкін. 

"Дәрігерлердің рұқсатын алған бойда ойындар мен жаттығуларға оралуды тағатсыздана күтіп жүрміз", - деді спорт директоры Рауль Санльехи. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама