ПОДЕЛИТЬСЯ
18 шілде 2020 | 12:48
"Астана" бапкері коронавирус жұқтырған футболшылар туралы айтты
"Астана" футбол командасы коронавирус жұқтырған ойыншыларға байланысты премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатына қатыса алмайды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында бас бапкер Михаил Билек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Чехиялық маманның айтуынша, "Астана-Аренаны" қайта қалпына келтіруге жауапты адамдар ауырып жатыр, салдарынан жұмыстар кейінге ұзартылған.
"Қазір қиын жағдайдамыз. Соңғы кезде толық құрамда бір жаттығу да өткізбедік. Төрт адам пневмониямен жатып қалды, әрине, олар жаттыға алмайды, қайта қосылғандарын күтеміз. Әлі стадион дайын емес, сондықтан әр жаттығу кестесін өзгертіп отырамыз. Мұның бәрі ауыр...
Оның үстіне кеше негізгі құрамдағы төрт ойыншының COVID-19 анықтауға тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Бәрінен бұрын симптомсыз тасымалдаушылар осы уақытқа дейін командамен бірге жаттыққаны қорқытады. Яғни, ауру басқа ойыншылар мен клуб әкімшілігінің арасында таралуы әбден мүмкін", - деді Билек.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также