27 қазан 2018 | 10:42

"Астана" Еуропа лигасының жеңілмеген командаларының тізіміне кірді

Камила Долаева Журналист
© REUTERS/Alexei Filippov

Үш турдың қорытындысы бойынша, Еуропа Лигасының топтық кезеңінде 48 қатысушының тек 12 командасы жеңіліссіз ойнап келеді. Олардың қатарында "Астана" құрамасы да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үш турдың қорытындысы бойынша, Еуропа Лигасының топтық кезеңінде 48 қатысушының тек 12 командасы жеңіліссіз ойнап келеді. Олардың қатарында "Астана" құрамасы да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

KazFootball.kz мәліметтері бойынша, ЕЛ топтық кезеңінде жеңіліссіз келе жатқан австриялық "Ред Булл Зальцбург", ағылшын "Арсеналы" мен "Челси", испан "Бетисы" және "Вильярреал", неміс "Айнтрахт", ресейлік "Зенит", украиналық "Динамо", хорватиялық "Динамо", швейцариялық "Цюрих" және шотландиялық "Рейнджерс" командалары.

Реклама
Реклама

"К" тобында "Астана" Киев "Динамосын" артқа ысырып бес ұпаймен көш бастап тұр. Үшінші орынға француздық "Ренн" үш ұпаймен жайғасты, ал төртінші орында екі ұпаймен чехиялық "Яблонец" командасы тұр. 

ЕЛ топтық кезеңінде "Астана" "Динамомен" ойнап, (2: 2) нәтижемен бастаған, одан кейін өзімізде (2: 0) ұпаймен  "Ренн" құрамасын жеңді, жақында "Яблонецпен" ойыны (1: 1) нәтижесімен аяқталды. Плэй-оффқа шығу үшін топта бірінші немесе екінші орынды иелену керек.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная