"Астана" футбол клубынан жеңілген финдер лазер таяқшаға қатысты шағымданды

Даниэль Эрлунн. © Yle.fi.

Финнің ХИК футбол клубы Чемпиондар лигасының үшінші квалификациялық раундтың "Астана" футбол клубына қарсы қарымта кездесуіне наразылығын білдіруге ниетті, - деп хабарлайды Vesti.kz финнің Yle.fi басылымына сілтеме жасап.

ХИК басшылығының мәліметінше, "Астана Аренада" өткен матч барысында команда қақпашысы Даниэль Эрлунн допты көрмеу үшін лазер таяқша қолданылған. Бұл ақпаратты клубтың Бас директорының орынбасары Кари Хаапиайнен растады.

Еске сала кетейік, кездесу 5 тамызда "Астана Арена" стадионында өтті және 4:3 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

Реклама
Реклама
 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама