15 қыркүйек 2017 | 08:52

"Астана" футбол командасы "Вильярреалға" есе жіберді

"Астана" футболшылары Еуропа Лигасының топтық кезеңінде сырт алаңда өткен кездесуде испанның "Вильярреал" клубынан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Астана" футболшылары Еуропа Лигасының топтық кезеңінде сырт алаңда өткен кездесуде испанның "Вильярреал" клубынан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын 14 қыркүйекте "Эстадио де ла Серамика" стадионында өтіп, 3:1 есебімен аяқталды. Бірінші голды алаң иелері соғып кетті. Бұл 16-шы минут болатын - италиялық шабуылшы Никола Сансоне көзге түсті.  

Реклама
Реклама

Екінші таймда "Астана" есепті теңестірген. Гол авторы (68-ші минутта) қорғаушы Юрий Логвиненко ганалық форвард Патрик Твумасидің бұрыштамадан көтерген добын баспен қақпа торында тулатты.  

Алайда тең есепті сақтап тұру мүмкін болмады. 75-ші минутта алмасқан Седрик Бакамбю гол соқты. Тағы бірнеше минут өткенде "Вильярреалдың" ресейлік жартылай қорғаушысы Денис Черышев отандық клубтың қақпасына доп салып кетті.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная