21 қазан 2019 | 09:19

"Астана" "Қайратты" жеңді. Футболшылар алаңда төбелес шығара жаздады

"Астана" ФК сайтынан

"Астана" Қазақстан чемпионатының 30-турында "Қайратты" жеңіп, алматылық командамен ұпай айырмасын қысқартты, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Астана" Қазақстан чемпионатының 30-турында "Қайратты" жеңіп, алматылық командамен ұпай айырмасын қысқартты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Кездесу "Астана Арена" стадионында өткен, матч алаң иелерінің пайдасына 3:1 есебімен аяқталды. 

Реклама
Реклама

Ойынды елордалық футболшылар белсенді бастады. 8-минутта Марин Томасов алыстан дәл соққы жасап, есепті ашты. Кейін "Қайратта" есепті теңестіретін мүмкіндіктер болған, бірақ қонақ футболшылар не қиыс тепті, не Ненад Эрич қақпасын сенімді қорғады. 

Екінші таймда екі команданың футболшылары жаппай қақтығысып қалды. Оған Томасовтың жарақаты себеп болды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vesti.kz (@vestikzsport) 20 Окт 2019 в 8:14 PDT

Ойын қайта жалғасқаннан кейін "Астана" есепті еселеді. 61-минутта Сергей Хижниченко қанжығасын майлады. 

Араға жеті минут салып "Қайрат" есеп айырмасын қысқартты. Қонақтар сапынан Раде Дугалич көзге түскен. 

Матчтың нүктесін ойынға тыңнан қосылған Рангело Янга қойды, ол қосымша уақытта гол соқты. 

Осылайша, "Қайраттың" бес матчтан құралған жеңістер сериясы аяқталды, бірақ команда 62 ұпаймен көш бастап тұр. "Астана" екінші орында - 60 ұпай. Бірақ елордалық клубтың әлі бір ойыны бар. Ал үздік үштікті "Тобыл" түйіндеп тұр. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная