03 наурыз 2019 17:30

"Астана" "Қайратты" жеңіп, Суперкубок иегері атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жуниор Кабананга. © "Астана" ФК Жуниор Кабананга. © "Астана" ФК

"Астана" ойыншылары футболдан Қазақстанның Суперкубогын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Астана" ойыншылары футболдан Қазақстанның Суперкубогын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматыда өткен ойында елордалық команда жергілікті "Қайратпен" кездесіп, 2:0 есебімен жеңді. 

Ойында астаналық команданың сұрмергені Жуниор Кабананга екі гол салды. Ол ойынның сегізінші минутында Покатиловтың қақпасынан саңылау таба білді. Ал 66-шы минутта ойынның ақтық нүктесін қойды. 

Айта кетейік, соңғы бес минутта және қосымша төрт минутта "Қайрат" сапында өнер көрсететін легионер Эсеола алаңнан қуылғаннан кейін, алматылық команда ойынды он адам болып жалғастырды. 

Бұл ойын "Қайраттың" жаңа бапкері Алексей Шпилевский үшін және жарты жыл бойы бапкерсіз өнер көрсеткен "Астанаға" қайта оралған Роман Григорчук үшін де бірінші болды. 

Еске салайық, Суперкубок жыл сайын футболдан Қазақстан чемпионы болған команда ("Астана") мен Қазақстан Кубогының иегері ("Қайрат") арасында өтеді. 

Суперкубок дәстүрлі түрде премьер-лиганың жаңа маусымын ашады. ҚПЛ-2019 ойындары келесі демалыс күндері басталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети