22 шілде 2021 20:55

"Астана" Конференция лигасындағы жолын жеңіспен бастады

Фото: "Астана" ФК

Елордалық "Астана" УЕФА-ның жаңа турнирі - Конференция лигасындағы алғашқы матчінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық "Астана" УЕФА-ның жаңа турнирі - Конференция лигасындағы алғашқы матчінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Турнирдің екінші іріктеу кезеңінде "Астана" грекиялық "Ариспен" кездесті. Алғашқы ойын "Астана Аренада" өтті. Бұл матчке көрермендер кірмей, футболшылар бос трибунада ойнады. 

Кездесу 2:0 есебімен "Астананың" жеңісімен аяқталды. Марин Томасов 25-минутта есеп ашса, 71-минутта дубль авторы атанды. Ал араға бес минут салып, Лука Шимунович алаңнан қуылды да, "Астана" матчті он ойыншымен аяқтады. 

Реклама
Реклама

Дегенмен кездесу соңына дейін елордалық клуб өзіне тиімді есепті ұстап қалды. 

Енді командалардың қарымта матчі 29 шілдеде Грекияда өтеді. Келесі кезеңге өту үшін "Астана" үш гол айырмашылығымен жеңілмесе жеткілікті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram