"Астана" ҚПЛ-дың жалғасуына бірнеше күн қалғанда стадионсыз қалды

Фото: "Астана" ФК баспасөз қызметі

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Талғардағы стадионды тексеріп, "Астанаға" матчтерін сол алаңда өткізуге рұқсат бермеді. Бұл туралы лиганың сайтында хабарланды. 

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Талғардағы стадионды тексеріп, "Астанаға" матчтерін сол алаңда өткізуге рұқсат бермеді. Бұл туралы лиганың сайтында хабарланды. 

Бұған стадионда ойындардың тікелей көрсетілімін ұйымдастыруға жағдай жасалмағаны себеп болған. Жақын арада жалғасатын Қазақстан Премьер-лигасы ойындары стадиондарда жанкүйерлерсіз өтеді, бұл жағдайда футбол сүйер қауым кездесулерді тек тікелей эфир арқылы көруге мүмкіндік алады.

Реклама
Реклама

Осы жағдайға байланысты ҚКФЛ әкімшілігі "Астана" футбол клубына Қазақстан чемпионатының ойындарын Талғарда өткізуге рұқсат бермеген.

"Астана" футбол клубы қысқа уақыт ішінде чемпионат ойындарын өткізетін қосалқы стадион табуға тиіс", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 16 наурызда тоқтатылған ҚПЛ 1 шілдеде үшінші тур матчтерімен жалғасады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная