10 желтоқсан 2018 | 09:01

"Астана" құрамасы Франция кубогының жартылай финалисін жеңді

Камила Долаева Журналист
© Жуниор Кабананга

"Астана" футболшылары Франциядағы оқу-жаттығу жиыны аясында үшінші лигадан жергілікті "Шамбли" құрамасымен достық матч өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Астана" футболшылары Франциядағы оқу-жаттығу жиыны аясында үшінші лигадан жергілікті "Шамбли" құрамасымен достық матч өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Спорт порталының мәліметінше, ойын 1:0 есебімен аяқталды. Жеңіс голын "Астана" құрамасының шабуылшысы ДР Конго Жуниор Кабананга салды. Бұл оның клубқа оралғаннан кейін бірінші голы. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, "Шамбли" қазір Лигада үшінші орында тұр. Биыл көктемде клуб Франция Кубогының жартылай финалында ойнаған болатын, бірақ "Лез Эрбье" құрамасынан жеңіліп, үшінші лигадан шығып, өзінің кәсіби мәртебесін жоғалтқан еді. 

Еске салайық, "Астана" 13 желтоқсанда Еуропа Лигасының топтық турының соңғы алтыншы матчында "Реннмен" кездеседі. Ойынның нәтижесі 1/16 финалына шығу не шықпауын шешеді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная