"Астана" мен "Қайрат" футболшылары матч соңында төбелес шығарды

© "Астана" баспасөз қызметі

"Астана" мен "?айрат" командаларыны? футболшылары ?аза?станды? премьер-лиганы? бесінші тур матчында а?ты?сын ыс?ыры?ынан кейін жанжал шы?арды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Астана" мен "Қайрат" командаларының футболшылары қазақстандық премьер-лиганың бесінші тур матчында ақтықсын ысқырығынан кейін жанжал шығарды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойыншылар алаңда тұрып бір-біріне дауыс көтеріп, жанжалдаса бастаған. Бапкерлер мен клубтардың қызметкерлері футболшыларды сабырға шақырды.

Ақыры, бас судья Артем Кучин жанжал шығарған екі ойыншыға сары карточка көрсетті - қосалқы ойыншы болып қалған "Қайрат" командасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп және "Астана" командасының жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслер.

Реклама
Реклама

Матч 1:1 есебімен аяқталды. Екі гол да екінші таймда соғылды: "Астана" командасынан Бахтиер Зайнутдинов, ал "Қайраттан" ауысып шыққан ойыншы Андрей Аршавин көзге түсті. 

Кейін Аршавин оқиға туралы айтып берді.

"Мен кінәні өзіме ала аламын. Доп менің арқама тиді және мен Ласло Кляйнхайслер екен деп қалдым. Ұшып барып ұрдым, дәл тидім (күлді). Ол, айтпақшы, маған ештеңе істеген жоқ. Ал Томасов құлағымнан ұстап алды, мен ашуға булықтым. Бұл үшін кешірім сұраймын. Ал жалпы, оқиға болды, бітті. Әрине, қалай болғанда да мен үшін", - деді ол.

Айта кетейік, бес турдан кейін "Астанада" - 13 ұпай, ал "Қайратта" - 11 ұпай.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама