13 қаңтар 2020 | 18:01

"Астана" өкілдері бас бапкердің кеткенін жариялады

Украиналық Роман Григорчук "Астана" клубының бас бапкері қызметінен кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Украиналық Роман Григорчук "Астана" клубының бас бапкері қызметінен кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Келісімшарт екі тараптың өзара келісімімен бұзылды. Клубта Григорчук 2018 жылдың маусым-тамыз аралығында және 2019 жылдың толық маусымын атқарды. "Астана" клубы Григорчуктың басшылығымен өткен маусымда Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтті және алтыншы рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанды. 

Реклама
Реклама

"Астанадан" Григорчукпен бірге оның штабының өкілдері - Михаил Савка, Анатолий Коротя және қақпашылар бапкері болған Андрей Глущенко бірге кетеді.

"Клуб Роман Иосифовичке және оның бапкерлік штабына атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, бапкерлік мансабын сәтті жалғастыруды тілейді", - делінген "Астана" хабарламасында.

Осыған дейін Vesti.kz басылымы "Астана" клубының бас бапкері чехиялық Михал Билек болатынын жазған еді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная