"Астана" өз алаңында "Вильярреалды" жеңе алмады

"Астана" өз алаңында "Вильярреалды" жеңе алмады © Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов

Футболдан Еуропа лигасыны? топты? кезе?інде ба? сынап "Астана" топта?ы бесінші ойында "Вильярреал?а" есе жіберді. Елордада ?ткен ойында испанды? клуб 3:2 есебімен же?іп кетті.

Бірінші таймда гол со?атын м?мкіндіктер мол болды. ?сіресе ал?аш?ы минуттарда?ы ?она?тарды? шабуылда?ы шира?ты?ы бай?алды. Бірнеше с?тте Ненад Эрич ?а?пасын голдан са?тап ?ала білді. 23 минутта Патрик Твумасидан тамша пас ал?ан Джуниор Кабананга допты алыс ?ашы?ты?тан ?ия теуіп, "Вильярреал" ?а?пашысы Мариано Барбосаны ?апы ?алдырды. Алайда бірінші тайм ая?талар т?ста испанды? команда есепті те?естіріп кетті. Ненадпен бетпе-бет шы??ан жартылай ?ор?аушы Даниэль Раба гол со?ты.

Футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңінде бақ сынап "Астана" топтағы бесінші ойында "Вильярреалға" есе жіберді. Елордада өткен ойында испандық клуб 3:2 есебімен жеңіп кетті.

Бірінші таймда гол соғатын мүмкіндіктер мол болды. Әсіресе алғашқы минуттардағы қонақтардың шабуылдағы ширақтығы байқалды. Бірнеше сәтте Ненад Эрич қақпасын голдан сақтап қала білді. 23 минутта Патрик Твумасидан тамша пас алған Джуниор Кабананга допты алыс қашықтықтан қия теуіп, "Вильярреал" қақпашысы Мариано Барбосаны қапы қалдырды. Алайда бірінші тайм аяқталар тұста испандық команда есепті теңестіріп кетті. Ненадпен бетпе-бет шыққан жартылай қорғаушы Даниэль Раба гол соқты.

Екінші таймда Седрик Бакамбудың алаңға шығуымен "Вильярреалдың" шабуылына қарқын қосылды. Джуниор Кабананганың ұлттық құрамадағы командаласы ойынға шыға сала 5 минуттан кейін гол соғып, көзге түсті. 83 минутта "Вильярреалдың" ойындағы үшінші голын соқты. 88 минутта Патрик Твумаси есепті қысқартқанмен, таразы басын теңестіруге ұмтылған "Астанаға" уақыт жетпеді.

Реклама
Реклама

Елордалық команда еурокубок ойындарында өз алаңында 2014 жылдан бері ұтылмай келген еді. Нақтырақ айтсақ, 17 ойында қарсыластарына есе жібермеген. Бір қызығы, бұл рекорды сол жылы дәл осы "Вильярреалдан" ұтылғаннан кейін басталған еді.

"А" тобындағы соңғы ойында "Астана" Прагада "Славиямен" кездеседі. Қазіргі таңда "Вильярреалда" 11 ұпай, "Астанада" 7 ұпай бар. Бүгін түнде бұл топтағы "Маккаби Тель-Авив" пен "Славия" командалары арасындағы ойын өтеді. Израильдік командада - 1, чех ұжымында 5 ұпай бар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама