"Астана" қарсыласын ірі есеппен жеңіп, Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіне шықты

© Тұрар Қазанғапов

"Астана" футболшылары Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында мальталық "Валлеттаны" тағы да ірі есеппен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Астана" футболшылары Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында мальталық "Валлеттаны" тағы да ірі есеппен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Та-Калиде өткен ойын қонақтардың пайдасына 4:0 есебімен аяқталды. 

Матчтың 28-минутында жартылай қорғаушы Серікжан Мужиковтің пасынан кейін форвард Роман Мұртазаев есеп ашты. Араға тоғыз минут салып "Астана" басымдығын ұлғайтты. 37-минутта хорват Марин Томасов қанжығасын майлады.  

Реклама
Реклама


© "Астана" ФК

Үзілістен кейін "Астана" тағы екі гол салды. 68-минутта Мұртазаев дубль авторы атанған. Ал матчтың соңына қарай Томасов та ойындағы екінші голын соқты.

Естеріңізге салсақ, "Астана" 8 тамызда өткен бірінші матчта "Валлеттаны" 5:1 есебімен жеңген болатын. Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша есеп - 9:1. 

Енді Еуропа лигасы плэй-офф кезеңінде "Астана" беларусьтік БАТЭ-мен кездеседі. Матчтар 22 және 29 тамызда өтеді. Қазақстандық клуб алғашқы матчты өз алаңында өткізеді. Бұл жұптың қай жеңгені топтық кезеңге жолдама алады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама