ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 07 ақпан 2021 09:32
"Астана" "Тамбов" футболисін 800 мың еуроға сатып алады
2021 жылы "Астана" клубының жаңа мүшесі "Тамбовтың" 28 жастағы қорғаушысы Вараздат Ароян болады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
2021 жылы "Астана" клубының жаңа мүшесі "Тамбовтың" 28 жастағы қорғаушысы Вараздат Ароян болады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл туралы журналист Айдын Кожахмет хабарлады.
Ол - тәжірибелі футболист, ресейлік премьер-лигада "Урал" және "Тамбовтың" құрамында 60-тан аса матчқа қатысқан.
Ароян Армения құрамасы үшін 55 матчта ойнаған, команданың вице-капитаны.
Transfermarkt мәліметінше, футболистің трансферлік құны 800 мың еуро.
Сонымен қатар, бұған дейін Ароян "Таразға" ауысатыны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу