Аты аңызға айналған футболшы Пеле ауруханада жатыр

Фото: ©REUTERS

Бразилиялық футболшы Пеле 31 тамызда, сейсенбі күні таңертең ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі O Dia басылымына сілтеме жасап. 

Бразилиялық футболшы Пеле 31 тамызда, сейсенбі күні таңертең ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі O Dia басылымына сілтеме жасап. 

Бразилиялық БАҚ мәліметінше, 80 жастағы спортшы есінен танып қалған. Денсаулығының нашарлау себептерін анықтау үшін Пеле Сан-Паулудағы Альберт Эйнштейн атындағы аурухананың қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. 

Кейінірек Пеленің өзі Twitter-де талмағанын және өзін жақсы сезінетінін жазды. Ол коронавирус пандемиясына байланысты бұрын бара алмаған жоспарлы тексеруден өтіп жатқанын атап өтті. Ол тіпті келесі жексенбіде алаңға шығатынын айтып қалжыңдады. 

Реклама
Реклама

Пеле (Эдсон Арантис ду Насименту) Бразилия құрамасында үш рет әлем чемпионатын алған. Ол Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) нұсқасы бойынша жүз жылдықтың ойыншысы атанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама