18 қыркүйек 2021 | 10:01

Аты аңызға айналған футболшы Пеле қайта ауруханаға түсті

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: РИА Новости.

Бразилия ұлттық футбол құрамасы сапында үш дүркін әлем чемпионы Пеле тағы да Сан-Паулу ауруханасындағы қарқынды терапия палатасына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бразилия ұлттық футбол құрамасы сапында үш дүркін әлем чемпионы Пеле тағы да Сан-Паулу ауруханасындағы қарқынды терапия палатасына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Пеледе рефлюкс болған, кейін дәрігерлер оны сақтық шарасы ретінде жансақтау бөліміне жатқызуды ұйғарған. Осыған қарамастан, 80 жастағы Пеленің жағдайы тұрақты.

Пеле ішегіндегі ісікті алып тастау үшін операция жасатқан. Ісік бұған дейін жүргізілген тексеру кезінде анықталған. 10 қыркүйекте Пеле операциядан кейін реанимацияда емделген. Кейін оның палатаға ауыстырылғаны белгілі болды.

Реклама
Реклама

Бразилиялық футболшының қызы Келли Насименто әкесі сауығып келе жатқанын мәлімдеді.

"Жағдайы жақсарып келеді. Уәде беремін! Мұндай операциядан кейін ер адамның қалпына келу сценарийі кейде екі қадам алға және бір қадам артқа кетеді. Кеше ол шаршап, сәл артқа шегінді. Бүгін ол алдыға екі қадам жасады", - деді Насименто.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная