12 ақпан 2019 10:33

Әйелі Аршавиннің үстінен арызданды

Дина Муратова Редактор
© РИА Новости

"Қайрат" клубының бұрынғы ойыншысы, жартылай қорғаушы Андрей Аршавиннің үстінен Санкт-Петербургте полицияға арыз түсті, - деп хабаралайды Vesti.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайрат" клубының бұрынғы ойыншысы, жартылай қорғаушы Андрей Аршавиннің үстінен Санкт-Петербургте полицияға арыз түсті, - деп хабаралайды Vesti.kz тілшісі.

Mash Telegram арнасының мәліметінше, Аршавиннің үстінен жары Алина арыз жазған. Оның сөзінше, бұрынғы футболшы белгісіз адамдармен оның Mercedes GL 350 көлігін тартып алған. Ол бұрын берген ақшасын қайтармаса, түрмеге қаматқызатынын айтып қорқытқан. 

Реклама
Реклама

"Жұп айырылысса да, ресми түрде ажыраспаған. Алиса оның басқа модель қыздармен жүргенін және қыдыруларын кешіріп келген. Екеуі ажырағаннан кейін Андрей отбасы туралы мүлде ұмытқан. Ол әйелімен де, қызымен де сөйлеспейді. Енді оған бірнеше қылмыстық іс қозғалуы мүмкін", - деп жазылған Mash арнасында.

Еске салайық, Аршавиннің соңғы ойнаған клубы - "Қайрат". Ол 2016 жылдың наурызынан 2018 жылдың қарашасына дейін осы клубтың сапында өнер көрсетті. Онда 108 ойын өткізіп, 30 гол соғып, 37 нәтижелі пас шығарған. Ресей құрамасының бұрынғы капитаны "Қайрат" сапында үш мәрте чемпионаттың күміс иегері атанған. Оған қоса, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңген. 37 жастағы Аршавин карьерасын аяқтайтынын 2018 жылдың қарашасында айтқан.

Айта кетейік, Аршавин "Қайрат" клубынан кеткеннен кейін стриптиз клубтың жанында жанжалға тап болған. Кейін "Зенитке" кіріп, "Сириус" халықаралық балалар жобасынның басшысы болды.    

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram