26 шілде 2020 12:18

Әзербайжанда 19 жастағы футболшы қыз қайтыс болды

Фото: @azewomenfootball

Футболдан Әзербайжан құрамасының мүшесі Нино Гургенидзе 19 жасында дүниеден озды. Бұл туралы ұлттық команданың Instagram желісіндегі парақшасында хабарланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Әзербайжан құрамасының мүшесі Нино Гургенидзе 19 жасында дүниеден озды. Бұл туралы ұлттық команданың Instagram желісіндегі парақшасында хабарланды.

Гургенидзе Әзербайжанның 19 жасқа дейінгі құрамасында ойнаған. Ұлттық команданың басшылығы футболшы қыздың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. 

Реклама
Реклама

Нино онкологиялық аурудан көз жұмған. Футболшы ауруымен бір жылдан аса уақыт бойы күрескен. Sport24 ақпараты бойынша, "Крылья Советов" пен Грузия құрамасының жартылай қорғаушысы Джано Ананидзе спортшыға қаржылық тұрғыда көмектескен. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram