20 қараша 2020 08:34

БАӘ клубы допинг дауынан кейін Исламханмен келісімшартты бұзды

Бауыржан Исламхан. Фото: © "Аль-Айн" ФК

БАӘ чемпионатынан "Аль-Айн" футбол клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханмен допинг дауына байланысты келісімшартты бұзды. Бұл туралы UAE Sport News басылымының Twitter желісінде жазылды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азия Чемпиондар лигасы аясында 18 қыркүйекте өткен "Аль-Садд" - "Аль-Айн" матчынан кейін Исламханның допинг-тесті оң нәтиже көрсетті. Осыдан кейін футболшы алдағы ойындардан шеттетілді. Аталған ойында жартылай қорғаушы алаңда 68 минут болды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Исламхан ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожинмен телефон арқылы сөйлесті. Сол кезде ол клуб дәрігерінің барлық нұсқамасын орындағанын және кез келген тексеріске, анализ тапсыруға дайын екенін айтқан.

Бауыржан Исламхан "Аль-Айн" үшін қаңтардан бастап ойнаған. Ол БАӘ чемпионатында ойнайтын алғаш қазақстандық еді. Осы жазда ол клубпен келісімшартын 2023 жылға дейін созған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram