"Барсаның" жеңілісінен кейін Мессидің жүйкесі сыр берді - БАҚ

Камила Долаева Журналист
Сурет: REUTERS

"Барселонаның" капитаны Лионель Месси Чемпиондар Лигасының 1/2 финалының жауапты ойынында "Ливерпульден" (0:4) жеңілісті ауыр қабылдады. Бұл туралы Marca мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, ойыннан кейін аргентиналық шабуылшы киім шешетін бөлмеде жылап жіберген. Команда ойыншыларының арасында ол ЛЧ-дан шығып қалғандарын аса ауыр қабылдады.

"Энфилд" футболшы журналистермен сөйлесуден бас тартып, кейін әуежайда жанкүйерлер тобымен жанжалдасып қалды. Олар спортшыға дөрекі түрде шағым айта бастаған. Кейін футболшыны жеке менеджері Пепе Косте алып кетті.

Реклама
Реклама

Биылғы маусымда Месси "Барселонаға" 47 матчта ойнап, 48 гол соғып, 22 нәтижелі пас берді. Оның клубпен 2021 жылдың жазына дейін келісім-шартқа отырған. Каталон клубының бірінші командасында ойыншы 2005 жылдан бастап өнер көрсетеді. Ол "Барселона" құрамында барлығы 600 доп соққан, бұл клубтық рекорд.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама