ПОДЕЛИТЬСЯ
17 ақпан 2021 | 09:08
"Барселона" Чемпиондар лигасында ПСЖ-дан тағы да ірі есеппен жеңілді
16 ақпанда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі екі матч өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
16 ақпанда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі екі матч өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Франциялық ПСЖ испаниялық "Барселонаны" 1:4 есебімен жеңді. Париждіктер сапынан Килиан Мбаппе хет-трик (32 ', 65', 85 ') жасап, Мойзе Кин (70') бір гол соқты. Алаң иелерінің жалғыз голын Лионель Месси (27 ') пенальтиден салды. Қарымта кездесу Парижде 10 наурызда өтеді.
Еске салайық, төрт жыл бұрын ПСЖ мен "Барселона" Чемпиондар лигасының 1/8 финалында кездескен болатын. Сол кезде француздар өз алаңында 4:0 есебімен жеңіп, қарымта матчта 1:6 есебімен жеңіліп қалған. Барселонада өткен матчта Неймар үздік ойыншылардың бірі болған еді. Сол жылы жазда Неймар "Барселонадан" ПСЖ-ға 222 миллион еуроға ауысқан болатын.
2019 жылғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы "Ливерпуль" мен германиялық "Лейпциг" Будапештте кездесті. Юрген Клопптың командасы бұл ойында 2:0 есебімен жеңді. "Ливерпуль" сапынан Мохаммед Салах (53') пен Садио Мане (58') көзге түсті. Қарымта матчта 10 наурызда Ливерпульде өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также