21 тамыз 2021 10:37

"Барселона" несиеге жарты миллиард еуро алды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

Қаржылық қиындықтарға тап болған "Барселона" клубы Goldman Sachs-тен ірі көлемде несие алды. Бұл туралы Mundo Deportivo басылымы жазады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржылық қиындықтарға тап болған "Барселона" клубы Goldman Sachs-тен ірі көлемде несие алды. Бұл туралы Mundo Deportivo басылымы жазады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Клуб 10 жылдық мерзімге 1,98 пайызбен 455 миллион еуро несие алған. Оған каталондық клубтың телевизия құқықтары кепілдік береді.

"Барселона" президенті Жоан Лапорта клубтың қаржылық жағдайы туралы бұған дейін айтқан болатын. Бұл жаңа ойыншыларды алуға мүмкіндік бермейді, сонымен қатар ұзақ мерзімді команда көшбасшысы Лионель Мессимен де жаңа келісімшар жасау осы себепті мүмкін болмаған. Сонымен қатар, ол испаниялық "Барселона" футбол клубының қарызы 1,35 миллиард еуро болғанын айтты.

Реклама
Реклама

Барса клуб табысының 103 пайызын жалақыға жұмсайды. Бұл көрсеткіш бәсекелестерге қарағанда 20-25 пайызға жоғары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram