"Барселона" "Реалды" ойсырата жеңді

Испания кубогының қарымта ойынында "Барселона" футболшылары мадридтік "Реалды" ойсырата жеңіп, жарыс финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Испания кубогының қарымта ойынында "Барселона" футболшылары мадридтік "Реалды" ойсырата жеңіп, жарыс финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Барселонада өткен бірінші ойын 1:1 есебімен аяқталған еді. Қарымта ойын 27 ақпанда Мадридтің "Сантьяго Бернабеу" стадионында болды, есеп 3:0.

Реклама
Реклама

Барлық гол екінші таймда соғылды. "Барса" сапындағы Луис Суарес дубль авторы атанды: Уругвай құрамасының сұрмергені 50-минутта және 73-минутта "Реал" қақпасынан саңылау таба білді. Ал 69-минутта "Реал" қорғаушысы Рафаэль Варан өз қақпасына гол салып алды.

"Валенсия" және "Бетис" жұбының мықтысы "Барселонамен" финалда кездеседі. Севильяда өткен бірінші ойын 2:2 есебімен аяқталған еді, ал жауапты ойын 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Астана уақыты бойынша түнгі 2:00-де өтеді. Кубок финалы 25 мамырда өтеді. 

Наурыздың 3-не қараған түні "Реал" мен "Барселона" тағы да "Сантьяго Бернабеу" стандионында кездеседі. Бұл Испания чемпионатының 26-айналымы аясында, Астана уақыты бойынша 1:45-те басталады. 57 ұпаймен каталондық команда көш бастап келеді, ал мадридтіктер 48 ұпаймен үшінші орында. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная