Бауыржан Исламхан қазақстандық клубпен келісімшартқа отырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Бауыржан Исламхан қазақстандық клубпен келісімшартқа отырды Фото: ҚФФ

Бауыржан Исламхан шымкенттік "Ордабасы" клубымен ресми келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бауыржан Исламхан шымкенттік "Ордабасы" клубымен ресми келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан "Ордабасы" футбол клубымен келісімшартқа отырды. Бато кәсіби мансабын "Тараз" сапында бастаған. Бұдан бөлек, "Астана", "Қайрат", ресейлік "Кубань" мен БАӘ-нің "Әл-Айн" командаларында ойнаған", - делінген клуб хабарламасында.

Бауыржан Исламхан 9-нөмірлі жейдеде өнер көрсетеді.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, Исламхан 2020 жылғы желтоқсанда "Аль-Айн" құрамында екі жылға ойыннан шеттетілген болатын. Қазір дисквалификация уақыты аяқталды.

Шымкенттіктер Қазақстан чемпионатының бастапқы ойынын 4 наурызда өз алаңында ақтаулық "Каспийге" қарсы өткізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама