Бауыржан Исламхан ең нәтижелі футболшы атанды

© vesti.kz

Алматылы? "?айрат" клубыны? капитаны Бауыржан Исламхан ел біріншілігінде ?аза?станды? футболшылар арасында?ы е? н?тижелі ойыншы атанды, деп жазады Vesti.kz порталы.

Алматылық "Қайрат" клубының капитаны Бауыржан Исламхан ел біріншілігінде қазақстандық футболшылар арасындағы ең нәтижелі ойыншы атанды, деп жазады Vesti.kz порталы.

Жартылай қорғаушының еншісінде 27 ойыннан кейін 11 гол (5 пенальти) бар. Жалпы сұрмергендер арасында ол төртінші орынға жайғасты.

Ең нәтижелі қазақ футболшылары арасында екінші орында "Тобылдың" шабуылшы Алексей Щеткин орналасты. Оның еншісінде 10 гол бар. Үшінші орында "Ордабасының" шабуылшысы Таңат Нөсербаев орналасқан. Ол биылғы маусымда жеті рет қанжығасын майлады.

Реклама
Реклама

19 жастағы "Тараздың" шабуылшысы Бақтиер Зайнутжиноватың еншісінде де жеті гол бар. Жас шабуылшысы төртінші орынға тұрақтады. Бесінші орынға "Астана" жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков бесінші орынға жайғасты. Жартылай қорғаушының еншісінде алты гол бар.

Айта кетейік, Исламхан, Щеткин және Зайнутдинов ел біріншілігінде 27 ойын өткізсе, Нөсербаев 22, Мужиков 29, Муртазаев 32 кездесуге қатысты.

Ел біріншілігің ең үздік сұрмергені "Қайраттың" шабуылшысы Жерар Гоу атанды. Шабуылшы 32 ойында 24 гол соқты. Екінші орында 31 ойында 19 гол соққан "Астананың" шабуылшысы Жуниор Кабананга орналасса, үшінші орында 30 ойында 13 гол соққан Патрик Твумаси жайғасты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама