Беларусь футболшысы есінен танып жатып, гол соғып кетті

Светлогорскілік "Химик" командасыны? жартылай ?ор?аушысы Алексей Пугач осы маусымда?ы е? к?лкілі голды? авторы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Светлогорскілік "Химик" командасының жартылай қорғаушысы Алексей Пугач осы маусымдағы ең күлкілі голдың авторы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

20 жастағы хавбек "Белшина" командасымен жолдастық кездесуде ерекше көзге түсті. Осы оқиға ойынның екінші кезеңінде болды. "Белшина" қорғаушысы өз алаңынан допты шығармақшы болып, тепкен сәтінде допқа қарсы жүгіріп келе жатқан Пугачтың бетіне тиген. 

Осының салдарынан "Химик" ойыншысы есінен танып қалды, ал доп болса "Белшинаның" қақпасына дәл барып кірген.  

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Пугачтың осы әрекеті оның командасына жеңіс алып бермеді. Есеп 2:1 есебімен қарсылас команданың пайдасына шешілді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама