14 шілде 2018 | 21:51

Бельгия құрамасы Әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді

Эден Азар © AFR

14 шілдеде футболдан Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласта Бельгия құрамасы ұлыбританиялықтардан басым түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы "Крестовский" стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен бельгиялықтардың пайдасына шешілді. Ойынды тамашалуға 64 406 жанкүйер жиналған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

14 шілдеде футболдан Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласта Бельгия құрамасы ұлыбританиялықтардан басым түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы "Крестовский" стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен бельгиялықтардың пайдасына шешілді. Ойынды тамашалуға 64 406 жанкүйер жиналған. 

Ойынның төртінші минутында бельгиялықтардың жартылай қорғаушысы Томас Менье Насер Шадлидің пасын нәтижелі етіп, есеп ашты.

Реклама
Реклама

82-ші минутта бельгиялықтардың капитаны Эден Азар есепті еселеді. Нәтижелі пастың авторы Де Брёйне.

Бельгия құрамасы осы әлем біріншілігінде 16 гол салып, ең көп гол салған команда атанды. Сондай-ақ осы құрама тұңғыш рет әлем біріншілігінің қола медалін жеңіп отыр. 

Айта кетейік, ӘЧ-2018 жарысының финалдық кездесуі 15 шілдеде Мәскеудің "Лужники" стадионында өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша 21:00-де басталады. Франция мен Хорватия құрамалары кіл мықтыны анықтайтын болады.

 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная