ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 07 шілде 2018 09:44
Бразилияны ұтқан Бельгия құрамасы жартылай финалға шықты
Футболдан Бельгия ?лтты? ??рамасы ?лем чемпионатыны? жартылай финалына шы?ты, деп хабарлады Vesti.kz. Роберто Мартинес жатты?тыратын ??рама ширек финалда Бразилияны жарыс жолынан шы?арды.
Футболдан Бельгия ұлттық құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлады Vesti.kz. Роберто Мартинес жаттықтыратын құрама ширек финалда Бразилияны жарыс жолынан шығарды.
Қазанда өткен кездесуде Бельгия құрамасы пентакампеондарды 2:1 есебімен ұтты. Бельгиялықтар ойындағы екі голды да бірінші таймда соқты. 13-минутта бразилиялық жартылай қорғаушы Фернандиньо өз қақпасына автогол соғып алды. Ал 31 минуттағы Кевин Де Брюйненің тепкен добын қақпашы Алиссон қайтарып үлгермеді.
Екінші таймда Бразилия құрамасымен есепті теңестіру үшін барын салғанмен, бір голмен ғана шектелді. Ол голды ойынға тыңнан қосылған Ренато Аугусто соқты. Соңғы минуттарда Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа да бірнеше сэйв жасап, гол соқтырған жоқ. Нәтижесінде 2:1 есебі сақталып, Бельгия жартылай финалға шықты.
Жартылай финалда "қызыл сойқандар" Франция құрамасымен кездеседі. Ойын 11 шілдеде өтеді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу