Бірінші лигаға өткенін тойлап жатқан футболшылардың бірі автобустан құлап түсті

Бірінші лигаға өткенін тойлап жатқан футболшылардың бірі автобустан құлап түсті

Түркиялық "Коджаэлиспор" футболшысы Бахри Джан Авджи командасы елдің бірінші лигасына (екінші дивизион) өткенін тойлап жатқанда ашық автобустан құлап түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Жұмада "Коджаэлиспор" плей-офф финалында "Сакарьяспорды" 4:0 есебімен жеңіп, класында жоғарылады. Матчтен кейін команда сәтті ойынды атап өтіп жатқанда, Авджи автобустан асфальтқа құлап түсті.

"Дереу қажетті көмек көрсетіліп, ойыншымыздың жағдайын қарау үшін ауруханаға жеткізілді. Оның денсаулығы жақсы", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама