"Челси" клубы әлеуметтік желіде футболшының масқаралау хабарламасы үшін қытайлықтардан кешірім сұрады

© footboom.com

Лондонды? "Челси" футбол клубы ресми т?рде ?ытай хал?ынан командада?ы ?ор?аушы Кенедиді? Іnstagram желісіндегі пара?шасында?ы мас?аралау жазбасы ?шін кешірім с?рады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Лондондық "Челси" футбол клубы ресми түрде қытай халқынан командадағы қорғаушы Кенедидің Іnstagram желісіндегі парақшасындағы масқаралау жазбасы үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бейжің қаласында "Арсенал" клубына қарсы ойында (3:0) жанкүйерлер 21 жастағы бразилиялыққа қарсы наразылық белгісі ретінде ысқырық шалды. Оған дейін қорғаушы әлеуметтік желіде жұмыс орнында ұйықтап қалған қауіпсіздік қызметінің суретін жариялап, масқаралаған болатын. 

"Өкінішке орай, футболшы жазбаны дер кезінде өшіріп, кешірім сұрағанымен және клуб қытайлық әлеуметтік желілер арқылы кешірім сұраса да, қытай халқының мүддесіне нұқсан келтірілді. 

Реклама
Реклама

"Челси" тағы бір мәрте кешірім сұрайды. Кенедидің әрекетінде қателік бар, бұл оған үлкен сабақ болды. Оның әрекеті команданың не клубтың атынан жасалды деген сөз емес. Кенеди қатаң сөгіс алып, тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген клубтың ресми сайтында.  

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама