Чемпиондар лигасының матчында "Астана" ФК Словенияның "Марибор" командасынан жеңілді

Чемпиондар лигасының матчында "Астана" ФК Словенияның "Марибор" командасынан жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Марибордың "Людский врт" стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Жалғыз голдың авторы - ойынның бесінші минутында "Астана" ФК қақпасына доп соққан Марко Шулер. Ол Даре Вршичтің бұрыштамадан асырған добын соқты. Айта кетейік, бұл "Марибор" командасының бірінші таймда "Астана" ФК қақпасына жасаған жалғыз соққысы. Қазақстандық команда бірінші таймда екі дәл соққы жасады.

Екінші таймда жерлестеріміз бірінші номерде өнер көрсетуді жалғастырды, алайда қауіпті сәт тек 68-ші минутта пайда бодлы. Жолшиев Жуковтан өтіп барып, соққы жасап еді, доп қақпа маңдайшасынан кері қайтты. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Реклама
Реклама

"Астана" ФК мен "Марибор" командасының қарымта кездесуі 22 шілдеде Қазақстан астанасындағы "Астана Арена" стадионында сағат 20.00-де басталады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама