Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі матчтардың билет құны қанша

© info-tses.kz

"Астана" футбол клубындағылар Чемпиондар лигасының матчтарына билеттердің қандай бағаға сатылатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Клубтың медиа-офицері Марат Жұмабаевтың айтуынша, "Астана" осы мәселеге қатысты жақында мәлімдеме жасайды. Оның сөзіне қарағанда, билеттердің бағасы 2-10 мың теңге аралығында болады.

Айта кетейік, бүгін Астанада клубтың президенті Саян Хажитжановтың, бас бапкер Станимир Стойловтың, команда капитаны Таңат Нөсербаевтың және қақпашы Ненад Эричтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. 

Реклама
Реклама

Естеріңізге сала кетейік, "Астана" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде испаниялық "Атлетикомен", португалиялық "Бенфикамен" және түркиялық "Галатасараймен" ойнайды. Қазақстан чемпиондары бірінші матчты 15 қыркүйек күні Лиссабонда өткізеді. "Астана" ойындарының толық кестесімен мына жерде танысуға болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама