"Челси" тарихында екінші рет Чемпиондар лигасында топ жарды

©Reuters

Лондондық "Челси" футболдан Чемпиондар лигасының финалында "Манчестер Ситиді" жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лондондық "Челси" футболдан Чемпиондар лигасының финалында "Манчестер Ситиді" жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Португалиялық "Драгау" стадионында өткен матчта ағылшын клубтары кездесті. Бұл "Челсидің" Чемпиондар лигасындағы үшінші финалы болса, манчестерлік клуб турнирдің шешуші матчына алғаш рет шыққан. 

Былтырғымен салыстырғанда бұл жолғы финалға жанкүйерлер жіберілді. Фанаттар бұл ойында жалғыз гол көре алды. Оны 42-минутта "Челси" жартылай қорғаушысы Кай Хаферц соқты. Эдерсонмен бірге-бір шыққан футболшы қақпашыдан сытылып өтіп, допты бос қақпаға бағыттады.

Реклама
Реклама


©Reuters

Үзілістен кейін "Манчестер Сити" допқа көбірек ие болғанымен, таразы басын теңестіре алмады. Негізгі уақытқа 7 минут қосылған, бірақ "Челси" қорғаныста сенімді ойнады. 

Осылайша, "Челси" тарихында екінші рет Чемпиондар лигасында топ жарып отыр. Бұған дейін 2011/12 жылғы маусымда жеңіске жеткен болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама