"Челси" УЕФА Суперкубогін жеңіп алды

"Челси" УЕФА Суперкубогін жеңіп алды ©Chelsea

Лондондық "Челси" испаниялық "Вильярреалды" жеңіп, УЕФА Суперкубогін иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласындағы "Уиндзор Парк" стадионында өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Хаким Зиештің голына (27-минутта) испандар Жерар Мореноның дәл соққысымен (73-минутта) жауап берді.

Қосымша уақытта командалар алға шыға алмады. Нәтижесінде жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Мұнда "Челси" ойыншылары 6:5 есебімен жеңіске жетті.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, өткен маусымда "Челси" Чемпиондар лигасында топ жарған, ал "Вильярреал" Еуропа лигасын жеңіп алған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама